Видеодан скриншот
8-шақырылымның екінші сессиясы аяқталып, екі палата депутаттары парламенттік каникулға кетті. Жазғы уақытта депутаттар аймақтарды аралап, халықпен жүздесіп, мұқтаждықтарын тыңдайды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев БҚО-да жұмыс сапарымен жүр. Жалпы өңірлерде депутаттардың азаматтарды қабылдауында ұзын-сонар кезек пайда болып, халық мәселелерін айтып қалу үшін тырысып бағуда.
Төмендегі бейнематериалда жас депутаттың қобалжығаны байқалғанымен, мәселенің қалай шешілгені белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, депутаттар демалыста, қазір өңірлерді аралап, халықпен кездесуде.