Депутаттар еліміздің бас қаласы Астананы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атау туралы ұсынысты қайта көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарымен бөлісті. Соның бірі - Астана атауын өзгерту. Сенатор Дарxан Кәлетаев Астананың атауын Назарбаевтың құрметіне өзгерту жөнінде бастама көтерді.
"Мен 2008 жылы Астана халықаралық әуежайын Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне атауды ұсынған болатынмын. Аталмыш ұсыныс қоғам арасында қызу талқыланды және сол кезде едәуір қолдауға ие болды. Сондықтан Тұңғыш Президент есімін елорда атауында және еліміздің өзге де нысандарында көрініс табуы туралы ұсыныстар дер уақытында айтылып отыр және бүгінде өте өзекті", - деді Дархан Кәлетаев.
Әріптесінің бұл ұсынысын депутат Павел Казанцев та қолдады.
Оның ойынша, бұл бастама Елбасының мемлекет тәуелсіздігі жылдары қосқан үлесі мен еңбегіне берілген әділ баға.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің бірлескен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы талқылануда. Отырыс барысында ҚР Президенті баяндама жасады.
Естеріңізге салайық, Астана қаласының атауын өзгерту туралы мәселе депутаттар тарапынан бұған дейін де көтеріліп, бірақ Мемлекет басшысы оған өзінің қарсылығын жеткізген болатын.