21 сәу, 2021 сағат 09:26

Депутат газ тарту кезінде тұрғындардың шығынын азайтуға қатысты ұсыныс айтты

Мәжіліс депутаты Александр Милютин газ тарату жүйлері құрылысы жобаларына назар аударуға шақырды. Осы орайда ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бізді елорданың тұрғын үй аймақтарының, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Қазақстанның бірқатар қалалары мен елді мекендерінің газ тарату жүйелері мен құрылысы жобаларының сапасы алаңдатады. Бұл қазір «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры бойынша еліміздің батыс өңірлерінен табиғи газ тарту аясында ерекше өзекті болып отыр. Жеке тұлғаларға берілетін техникалық шарттар, сондай-ақ олардың газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға арналған шығыстары газ тарату жүйелері қалай жобаланатындығына байланысты болады. Әрине, біз тұрғындардың шығыны мейлінше аз болғанын қалаймыз. Сондықтан тарату желілері жобасының бір бөлігі ретінде «ақылды есептегіштерді» орнатуды ұсындық. Ал біз үшін ең маңыздысы – азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Осыған орай біз құрылыс нормалары мен ережелерінің жетілмегендігіне байланысты қайта жүгініп отырмыз», - деді А. Милютин Мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның пайымынша, тиісті схемалар еліміздің оңтүстік өңірлерінде сенімді жұмыс істей алады, бірақ олар солтүстік аймақтар үшін қолайлы емес.

«Өйткені қысым реттегіштері мен есептеу құралдары -25 градустан төмен температураға арналмаған. Ресейдің және еліміздің жекелеген суық аймақтарының тәжірибесі солтүстік аймақтар үшін қысым реттегіштері мен есептеу құралдарын жылы жағдайда орналастыруды қамтамасыз ететін газбен жабдықтау схемаларының басымдылығын көрсетеді. Алайда өтініштен көрініп тұрғандай, жобалау ұйымдары жоғарыда аталған себептерге байланысты бұл оң тәжірибені қолдана алмайды. Бұл газ плиталарына жанармай берудің мүмкін болатын үзілістерімен байланысты ыңғайсыздықты айтпағанда, кейбір жағдайларда жеке үйлерде тұратын газ қазандықтары бар азаматтардың қыста жылытусыз қалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан фракцияның депутаттары біз көтерген мәселелерді қарастырып, олар бойынша шешім қабылдап, жауабын заңнамада белгіленген мерзімде ұсынуды сұрайды», - деді депутат.