30 мам, 2017 сағат 17:16

Департамент: Теңіз зауытында артық газ факелге жіберілген

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бүгін әлеуметтік желілердегі видеолар арқылы таралған, "Теңіз газ өңдеу заводындағы күкірт сутегі тарауы" деп сипатталған оқиғаға байланысты ақпарат берді.

Департамент дерегінше, 30 мамыр күні сағат 9:45-те Теңіз газ өңдеу заводында (ТГПЗ) екі құрылғы тоқтап қалған, сондықтан адамдардың және техниканың қауіпсіздігіне бола артық газ факелге жіберілген. Оқиғаның себебі тексеріліп жатыр, зауытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ дейді төтенше жағдайлар департаменті. Қазір ол екі құрылғы іске қосылған.

Қазақстанның батысындағы мұнай мен газ өндірісі орындары көп аймақта зауыттардан шығатын зиянды қалдықтар жайлы қауіп жиі айтылады. Кейбір ауылдарда тұрғындар белгісіз заттан жаппай уланған оқиғалар да болған.

Азаттық