Денсаулық туралы Кодексті Мәжілісте МЕҰ және сарапшылар жан-жақты талқылайтын болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.
«Қазіргі уақытта денсаулық туралы Кодекс қызу талқылануда. Расында, үкіметтік жобадағы кейбір нормалар туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, қорытынды жасауға әлі ерте. Себебі, Мәжілісте МЕҰ және сарапшылардың қатысуымен Кодекс әлі жан-жақты талқыланатын болады» делінген хабарламада.