18 қаз, 2021 сағат 08:20

Дәурен Ермеков Нурмагомедов лигасында сенімді жеңіске жетті


Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC лигасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

17 қазанда отандасымыз 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен дағыстандық спортшы Нуцалхан Умахановты жеңді. 

Arlan MMA Pro Team командасының 33 жастағы спортшысы төрешілердің пікірінше, үш раундтың екі раундында басым болған - 28:27. Алайда Ермеков салмақ лимитінен асып кеткендіктен ұпайдан қағылды.