Қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын туғызады. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деді "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, жарнаманың көптігі, өңірлік контенттің жоқтығы, Қазақстан туралы танымдық бағдарламалардың аздығы және қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендігі тұрғындардың наразылығын туғызады екен. Біздің телеарналарға осы мәселелер туралы ойлану қажет және көрерменді тарту үшін қажетті шаралар жүргізуі тиіс", - деді Дәурен Абаев кеңейтілген алқа отырысында.
Осы мәселелерді шешу үшін министр сериал негізінде толықметраж картиналар түсіріп, қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру үшін KPI жүйесін енгізуді және мемлекеттік радиоарналар мен елдің шекаралас жерінде орналасқан елді мекендерде көрсетілімді таратуды қолға алуды тапсырды.
"Биыл цифрлық эфир телекөрсетілімді қосу мақсатында 244 радиотелеарна станциялары қосылады. Жыл соңына дейін Қазақстанның кейбір облыстарында цифрлық тарату жүйесі іске қосылады", - деді министр.
Еске салайық, 2017 жылдың наурыз айында қазақстандық жаңа "Ел Арна" киноарнасы іске қосылады. Отандық режиссерлердің көркем және деректі фильмдерін, сериалдарын енді "Ел Арна" деп аталатын осы жаңа арнадан тамашалай аласыздар.