30 там, 2017 сағат 10:48

Дәурен Абаев. Ата заңымыз - мемлекеттілігіміздің іргетасы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың Ата заң мерекесімен Фейсбуктегі парақшасында құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі ұлық мерекеміз - Конституция күні құтты болсын! Ата заңымыз - еңселі егемендігіміздің тірегі, мемлекеттілігіміздің іргетасы. Баршаңызды осынау айтулы мейраммен құтықтаймын! Мемлекеттігіміздің іргесі берік, Мәңгілік елдің болашағы зор болсын!» делінген министрдің құттықтауында.