Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев депутаттың Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсету туралы ұсынысы жайында пікірін білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
"Мен депуттаттардың ұсынысы қаралып, Ебасы бұл мәселе бойынша әдеттегідей жан-жақты қамтылған, салмақты шешім шығарады деген ойдамын", - деді министр Мәжіліс отырысынан тыс кезде.
Астана атауын өзгерту Елбасының жеке басына табынушылық болмай ма деген сұраққа Дәурен Абаев: "Жоқ, олай деп ойламаймын", - деп жауап берді.
Сонымен қатар, министр бұл бастаманы бүгін ғана естіп отырғанын, сондықтан Астананың жаңа атауына "ешқандай ұсынысы жоғын" айтты.
Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов елбасының есімін елорда атауында және еліміздегі маңызды нысандарында көрсетуді ұсынған болатын.
Сондай-ақ, Парламент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясын қабылдады.