27 қыр, 2017 сағат 13:31

Дәурен Абаев ақпарат саласына қатысты заң жобасын түсіндірді (видео)

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев БАҚ туралы талқыланып жатқан заң жобасына қатысты түсінік берді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жария етті.

"Қымбатты достар, уәде етілгендей, ақпарат және коммуникациялар саласына қатысты заң жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған видео назарларыңызға ұсынылып отыр. Бұл видеода мен жобадағы ең көп талқыланған нормаларға тоқталдым", - дейді ол.