21 қар, 2016 сағат 17:24

Дәулет Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Дәулет Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Өкімде.

Мемлекет басшысының Өкімімен Қабдылкәрім Ратайұлы Әбдіқазымов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.