15 қыр, 2021 сағат 16:11

«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы: төрт күнде 13 дерек анықталды

 

Алматы облысында тәртіп сақшылары «Дәрмек» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының қорытындылады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсаты есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылатын «Дәрмек» жедел алдын алу іс - шарасын жүргізу кезеңінде ағымдағы жылдың 9-12 қыркүйегі аралығында Алматы облысы ПД ЕҚКБ қызметкерлері есірткі бұзушылықтарының 13 фактісін анықтады. Атап айтсақ, оның ішінде үш факт есірткі заттарын өткізу, есірткі жасағандары үшін жауапкершілік ҚР ҚК 297-бабы бойынша көзделген, тағы үш дерек ҚР ҚК 300-бабы бойынша құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру бойынша, бір дерек ҚР ҚК 299-бабы бойынша есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау ҚР ҚК 303, ҚР ҚК 296-б. 1,2,3-Б. көзделген 3 есірткі қылмысы бойынша тіркеліп отыр.

Сонымен қатар, заңсыз айналымнан полицейлер 109 кг. 349 грамм түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары алты нысанды, оның ішінде 5 медициналық және бір өнеркәсіптік нысанды тексерді.

Құқық қорғау органдары үш объектіде есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерінің бұзылуын, атап айтқанда, құрамында әртүрлі есірткі бар дәрілерді сақтау ережелерінің бұзылуын және жетіспеушілікті анықтады. Тәртіп сақшылары барлық азаматтардан есірткі мен есірткіге тәуелді адамдарға қатысты барлық белгілі фактілер туралы 102-арна арқылы немесе тұрғылықты жері немесе қылмыс анықталған аумақтық полиция бөлімдеріне хабарлауды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында бақшасында «қарасора» өсірген күдікті ұсталған болатын. Алматы облысының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 6 қыркүйекте Алматы облысы ПД ЕҚКБ қызметкерлері Көксу АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, Көксу ауданында Балпық би кентінің 53 жастағы тұрғыны құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы жедел ақпаратты тексеру кезінде, жеке үйге барып, бақшасында қырыққабат пен жүгерінің жанында құрамында есірткі заты бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктің отырғызылғаның анықтаған.

Балпық би кентінің 53 жастағы тұрғынының Көксу аумағында құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы жедел ақпаратты тексеру кезінде жеке үйге барды, онда бақшада қырыққабат пен жүгерінің жанында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған өсімдік отырғызылды.

Өз кінәсін мойындап, ұсталған ер адам жеке пайдалану үшін «қарасора» өсіргенін түсіндірді. Алынған өсімдіктердің жалпы саны 25 бұтаны құрады, салмағы 2 кг, 940 грамм. Сараптама өсімдіктің құрамында есірткі заты бар тыйым салынған өсімдік түріне  жататының растады.