04 қар, 2020 сағат 14:36

Дәріханаларға электронды форматтағы рецептімен препарат сатуға рұқсат берілді

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова қала тұрғындарын дәрілік заттармен қамту мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес дәріхана ұйымдарында қағаз рецептілердің сақталу мерзімі енді күнтізбелік 30 күн болатыны айтылды. Осылайша, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді электронды форматта да, қағаз түрінде де шығаруға рұқсат етіледі.

«Енді бізде дәріханаларда дәрі-дәрмектерді интернет арқылы, мобильді қосымшалар арқылы жіберуге мүмкіндік бар. Қағаз рецептілер дәріханаларда 30 күн, карантин жарияланған жағдайда мобильді түрі – карантин немесе төтенше жағдай режимінен кейін тағы 30 күн сақталады», — деді М. Дурманова.

Сондай-ақ, спикерлер рецептіде дәрігер мен пациенттің аты-жөні көрсетілуі керек екенін еске салды.

«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің №36 Қаулысымен бізде дәріхана ұйымдарында қашықтық режимін сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу үшін қажетті дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы өнімдер мен дезинфекциялық құралдардың болуы, сауда залының есіктерін өңдеу және жұмыс күні бойы сауда залын тұрақты түрде желдету қажеттілігі қарастырылғанын, сондай-ақ дәрілік препараттарды беру (босату) кезінде тұрған дәріхана ұйымдарының қызметкерлері үшін ЖҚҚ қоры болуы қажет екенін еске салғым келеді», — деді Марина Дурманова.