07 қыр, 2022 сағат 13:33

Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ала ма?


Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов "экс-депутат Дариға Назарбаева алдағы президенттік сайлауға қатыса ала ма" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әрине, қатыса алады. Нұрсұлтан Назарбаев та қатыса алады. Президент кандидаттарына қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады", - деді Өтемісов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін әділет вице-министрі Алма Мұқанова Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қатыса алмайтынын мәлімдеген еді. Айтуынша, биыл жазда өткен референдумның нәтижесі бойынша Назарбаев мұндай құқықтан айырылған.

Еске салсақ, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.