16 қыр, 2016 сағат 13:58

Дариға Назарбаева өзін Елбасының мұрагері ретінде қарастырмайды

ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында Сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Сіз өзіңізді билік мұрагері деп санайсыз ба?» деген сауалға Дариға Назарбаева:

«Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, Президенттің командасындағы адам ретінде санаймын. Сондықтан мұрагерліктің айналасындағы болжамдар мен жорамалдар спекуляция болып табылады», - деп жауап қатты.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұның алдында ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.