27 сәу, 2017 сағат 13:05

Даниал Ахметов: Таяу уақытта Семей адам танымастай өзгереді

Даниал Ахметов Семейді адам танымастай өзгертуге уәде берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". ШҚО әкімі "Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық даму және 2017 жылғы міндеттер" атты брифингте журналистер алдында осындай мәлімдеме жасады. 

Әкімнің айтуынша, Семейде "Қарағайлы" ықшамауданының құрылысы басталды.

"Бұл қалада сәулеттік құндылығы бар ықшамаудан болуын қалаймын. Семейде және ШҚО қалаларында әрбір үй, әрбір пәтерде бір жарым гараждың орны болады. Мұндай ықшамаудан салынып жатыр. Оның үстіне барлық үйде әлеуметтік нысандар болады", - дейді өңір әкімі. 

"Семейді танымай қаласыздар, рас айтам, жақын арада. Қыркүйекте келіңіздер, жағалаудың қалай өзгергенін көре аласыздар. Ол мүлде басқа болады, алдағы уақытта орталық алаң, көп нәрсе өзгереді", - деп сендірді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, әкім Семейде болып жатқанның барлығын қадағалап отырғанын айтады.

"Ай сайын осы қаламен жеке өзім айналысамын: барлық осал тұстарын білемін. Ондаған мәселелі тұстарын атап бере аламын", - деп аяқтады сөзін облыс әкімі.