29 мау, 2017 сағат 11:32

Даниал Ахметов «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алмақ

Даниал Ахметов келесі айдың басында Шығыс Қазақстанға қарасты барлық қалалар мен аудандарда «Нұрлы жол» бағдарламасының қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын тексеретін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұлымдарға бөлінген қаражаттың игерілуін тексерген.

Қаражаттың уақтылы игерілуі жағынан Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы су тарту жүйесін жөндеу жұмыстары жоспарлы кестеден кешігіп жатқаны анықталды. Алғашқы қаржы өткен жылдың күзінде бөлінгенімен, жұмысты аяқтау үшін ақша бөлу кейінге қалдырылған. Әкім жоспарды қайта қарап, жобаны желтоқсанға жеткізбей қазан айында аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, Үржар ауданындағы кәсіпорындардың біріндегі өндіріс базасы мен электр жүйесінің құрылыс жобасының аяқталу уақыты өзгертілетін болды.

- Құрылыс және монтаждау жұмысының мөлшеріне әр әкім жеке жауап беретін болады. Шілде айының бас шенінде «Нұрлы жол» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы барлық әкімдердің баяндамасын тыңдайтын боламын, - деді Даниал Ахметов.