Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны көбейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 43 науқас жатыр.
«Өңірдегі инфекцияық стационарларда 642 адам ем қабылдауда. Жүктеме –26,4%. Ал, жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр. Оның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 39,8% құрайды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
