23 мау, 2021 сағат 13:38

CҚО-да 93 жастағы еңбек ардагері коронавирусқа қарсы вакцина алды


Солтүстік Қазақстан облысында 93 жастағы еңбек ардагері екпе пунктіне келіп, коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Петерфельд ауылының 93 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. 

Әнуарбек Жақыпов 1928 жылы туған. Еңбек ардагері денсаулығын ойлап, әрі басқаларға үлгі болу үшін екпе пунктіне өзі келіпті. Қарияға «Hayat-Vax» вакцинасы егілді. 

«Ағайындар, вакцина алудан қорықпаңыздар. Денсаулық – зор байлық. Уколдан қорқуға болмайды. Келіңіздер, егіліңіздер! Бала-шағамыз аман болсын», - дейді екпе алған қария.

Вакцина алған Әнуарбек Жақыпов өзін жақсы сезінетінін айтады. 

Жалпы СҚО-да вакцинаның 1-ші компонентін 90 816 адам алса, толық вакцинациядан өткендердің саны - 62431 адам.