2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан Йемендегі әскери қақтығыс жаппай ашаршылыққа әкелуі мүмкін деп ескертті БҰҰ-ның шұғыл көмек көрсету үйлестірушісі Стивен О`Брайен.
ВВС хабарлағандай, БҰҰ өкілі Йеменнің 10 миллионға жуық халқы азық-түлікке мұқтаж, олардың екі миллионға жуығы — балалар. О`Брайеннің сөздерінше, бомбалаудың тоқтамауынан гуманитарлық көмек көрсету азайып жатыр.
Йеменде қарулы қақтығыс 2014 жылдың қыркүйек айында басталған. Иран қолдау көрсететін хуситтің шиит азшылық өкілдері халықаралық деңгейде мойындалған Йемен үкіметімен соғысып жатыр. Йемен үкіметін Сауд Арабия жетекшілік ететін коалиция қолдайды.
Хуситтер мен әскери коалиция арасында жанжал 2015 жылдың наурыз айында өршіп кетті. 2014 жылдан бергі Йемендегі соғыс құрбандарының саны он мыңдаған адам.