Дүние жүзіндегі миллиондаған адамның азаматтығы жоқ және еш жерде тіркелмеген. Сондықтан қазір олардың көпшілігінде COVID-19 вакцинациясын алу мүмкіндігі жоқ және олар ұлттық вакцинация бағдарламасына кірмейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі басқармасының (БІЖБ) ресми деректері бойынша әлемнің 94 елінде 4,2 миллион азаматтығы жоқ адам тұрады. Мұндай мыңдаған адам Орталық Азияда – КСРО ыдырағаннан кейін барлығы жаңадан құрылған мемлекеттердің азаматтығын растай да, ала да алмады.
Сарапшылардың айтуынша, көптеген елдерде азаматтығы жоқ адамдарды иммундау бойынша нақты жоспарлар жоқ. Екі ел мұндай адамдарға вакцина салуға тыйым салды. Кейбір елдерде олар вакцинацияға ақшаны қалтасынан төлеуі керек, олардың көпшілігі, әсіресе пандемиядан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында төлей алмайды.
«Көптеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдарға пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдары олар үшін өте ауыр болғанына қарамастан, олардың құқықтық мәртебесінің болмауына байланысты тестілеу мен емдеу және әлеуметтік қызметтер азаматтығы жоқ адамдар үшін қолжетімді болмады»,-дейді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқарма өкілдері.
БҰҰ БІЖБ елдер билігін өз территориясында тұратын барлық адамға вакцинация жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға, атап айтқанда төлқұжат немесе жүргізуші куәлігі сияқты дәстүрлі түрлерінен басқа жеке басын куәландырудың баламалы түрлерін қабылдауға шақырады.
БҰҰ БІЖБ сонымен қатар бірқатар елде пандемияға байланысты туу туралы куәліктерді беру уақытша тоқтатылды, соның салдарынан әлемде азаматтығы жоқ адамдар көп болады деп алаңдайды.
БҰҰ БІЖБ сарапшылары, олардың мәртебесіне қарамастан, вакциналаудың әмбебап стратегиясын қабылдаған елдерге тоқталды. Олардың арасында Испания, Португалия, Түркіменстан, Ливан, Кувейт және Иордания бар.
Ұлыбритания билігі барлық заңсыз мигранттар, оның ішінде азаматтығы жоқ адамдар вакцинаны ала алатындығын, сонымен қатар медициналық қызметкерлер өздерінің деректерін құқық қорғау органдарына өткізбейтінін мәлімдеді.