Фото: рrimeminister.kz
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.
Осы орайда Еңбек министрлігі тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретіне жататынын ескертті.
