12 нау, 2024 сағат 17:07

Бурабайға "крыша" болғысы келгендер ұсталды


ҰҚК Ақмола облысында бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады.

Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.