Бүгін елордада әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) сағат 20:00-де вакцинацияланған азаматтар арасында екі iPhone12 ойнатылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бірінші ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе алғандар қатысады (осы уақыт аралығында вакцинацияланғандар саны — 259 мың 115).
Бұдан кейін апта сайын жаздың соңына дейін iPhone12 ойнатылады. Ұтыс ойыны әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
Birge платформасында байқау жеңімпазын анықтау үшін арнайы рандомайзер қызметі орнатылды, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдайды. Әзірлемеге IT-қауымдастық та қатысты.
Бүгінгі күні сервис Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияланғандар туралы мәліметтерімен біріктірілген. Осыған байланысты екпе алған елорда тұрғындары конкурсқа автоматты түрде қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, вакцинацияланғандар арасындағы конкурс қазіргі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және коронавирус пандемиясында ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін вакцинаны алуға ынталандыру үшін қолға алынды. Сондай-ақ, бірқатар СОО және сауда үйлерінде вакцинацияланғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.
