08 мау, 2025 сағат 14:21

Бүгін Алматының орталық көшелері уақытша жабылады


Фото: Алматы әкімдігі


Алматыда 8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Ult.kz.


7 және 8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.


"8 маусымда сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін", - делінген хабарламада.