лматыда жылдам автобус қатынасы (BRT) желісіндегі жолаушылар легі 40 пайызға артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Транспорт холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көшелерін жалғап тұрған BRT желісі іске қосылғаннан бері жолаушыларды тасымалдау көлемі 40 пайызға артқан. Жақын арада бұл көрсеткіш еселенсе, адамдар, әсіресе жүргізушілер барар жеріне такси немесе өз көліктерінен гөрі қоғамдық көлікпен жету ыңғайлырақ екенін түсіне бастайды», - деді Транспорт холдингіндегілер.
BRT желісінің ұзындығы 8 шақырымға созылып жатыр. Бұл қашықтықты қоғамдық көлік жарты сағатта еңсереді. Бұрын жолаушылар қарбалас уақыт кезінде жолға бір жарым сағат жоғалтатын.