Ұлыбритания әскери барлау қызметі өкілдерінің айтуынша, 1 сәуірде Украина күштері елдің солтүстігіндегі Чернигов қаласы маңындағы Слобода және Лукашовка елді мекендерін орыс әскерінен қайтарған. Бұған қоса, Чернигов пен Киев қалаларын жалғап тұрған негізгі жол да Украина әскерінің бақылауына өткен.
"Украина сәтті қадамдарын жалғастырып жатыр, бірақ елдің шығысы мен Киевтің солтүстік шығысында шабуылға төтеп берумен ғана шектеліп жатыр" деді Ұлыбритания қорғаныс министрі Джеймс Хеппи.
Оның сөзіне қарағанда, Ресей Киев пен Чернигов маңында әскери қимылды бәсеңдететінін айтқанмен бұл аумақта әуе соққылары үдеген.