Қазақстанда балық өсіру ісі жолға қойылып, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ҚР Үкіметінің ақпаратына сүйенсек, соңғы 7 жылда балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өскен. Бұл балық шаруашылығымен айналысатын мамандар мен балықты браконьерлерден қорғайтын инспекторлардың еңбегі.
Балықты жасанды өсіру бойынша
Түркістан облысы көшбасшы бастап тұр. Еліміздегі балықтың 5 мың тоннасы (68,7%)
осы аймаққа тиесілі. Ал Алматы облысында 1000 тонна (12,8%) балық өндіреледі
екен. Қалған балық үлесін Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы
еншілеген. Осы балық шаруашылғы дамып тұрған аймақтарымызда браконьерлер де
тыным таппайды.
Мәселен, жақында ғана Алакөлде
заңсыз ауланған балықты тиеп, алаңсыз кетіп бара жатқан екі көлік тоқтатылды.
Ұсталған екі көліктің
жүксалғышынан тәртіп сақшылары 130 келіге жуық балық тәркіледі. Алакөл
ауданының полицейлері «Браконьер» жедел алдын алу іс шарасын өткізу барысында «Нива»
және «УАЗ» маркалы автокөліктерін тоқтатқан. Екі көлік жүргізушілері 130
килограмға жуық балыққа қатысты ешқандай тиісті құжаттар көрсете алмаған.
Көліктегі балықтар тәркіленіп,
тиісті қабылдау орындарына өткізілді. Балықтан түскен қаражат мемлекет
пайдасына аударылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша
мемлекетке келтірілген материалдық шығын анықталуда. Тиісті тексерулерден кейін
нақты процессуалдық шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік,
Алматы облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы 31 тамызға дейін
жалғасады.
Аталған шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау, құқық бұзушылықтарды болдырмау, табиғи байлығымызды қорғау. «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер мен тексерулер ұйымдастырады. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талабының қатаң сақталуын ескертеді.