06 қыр, 2021 сағат 11:24

Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапты


Қыркүйектің 6-ы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты. 

Бұл туралы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. 

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.