09 ақп, 2024 сағат 11:55

Боранға қарамай көмекке асыққан жедел жәрдем қызметкерлерінің видеосы тарады

Желіде Ақтөбе облысындағы қарлы боранға қарамай науқастарға жедел жәрдем көрсетіп жүрген медицина қызметкерлерінің видеосы тарады. 




Жедел жәрдем фельдшерлері кейде қолайсыз ауа райында науқастарына қалай жететінін видеоға түсіріп алған. Ақтөбе облысының Хромтау қаласының үш жедел жәрдем қызметкері науқасқа 1 сағат бойы жете алмаған.

"Миллиондаған ақшаны жылы кеңседе отыратындар емес, осындай қызметкерлер алу керек", "Біреуге көмектесемін деп өз денсаулықтары кетіп жатыр ғой", "Жарайсыңдар", "Көпшілік осылардың еңбегін түсінбейді", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.