21 қар, 2021 сағат 09:20

Бокс: Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді


Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсияны жеңді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Гамбургте өткен жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда отандасымыз қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсіріп, ал бесіншісінде техникалық нокаутпен жеңді. 

WBA International титулына ие Кособуцкий осы айқаста WBC International Silver белбеуін де иеленді.