26 мам, 2025 сағат 12:14

Бөкейорда резерватының бас директоры жемқорлық күдігіне ілінді

Фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерватының бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшыны бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тексеруде.

Тергеу мәліметінше, ол резерватта жұмыс істемеген тұлғаға заңсыз жалақы аударып, ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталуда. Қазіргі уақытта күдікті соттың шешімімен қамауға алынды.

Тергеу жүріп жатыр, оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мәліметтері құпия сақталады.