Фото: samruk-energy.kz
«Богатырь Көмір» ЖШС разрезінде ауыр қайғылы оқиға орын алып, адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz Екібастұз қаласының пабликтеріне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, себеп – наряд бойынша жұмыс орындап жатқан 1994 жылы туған электрслесарь жұмыс істеген нысанға кернеудің мерзімінен бұрын берілуі.
Жас қызметкер Александр туған күнінен үш күн бұрын қаза тапты.
Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз!
Марқұммен қоштасу рәсімін жақын-жуықтары 25 қараша күні өткізбек.
