Air Astana Нұр-Сұлтаннан Стамбулға бағыт алып, шұғыл Атырауға қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді, деп жазады әуекомпаниясының Telegram-арнасындағы парақшасы.
Әуекомпаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Стамбул бағыты бойынша KC917 рейсін орындаған Boeing 767 ұшағы астана уақытымен 19.11-де ұшқан.
"Техникалық себеппен ұшақ командирі Атырауға қону туралы шешім қабылдаған. Қону қалыпты режимде Нұр-Сұлтан уақытымен 22.20-да болды. Қазіргі уақытта ұшақ тексеріліп жатыр. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Бүгін жергілікті уақытпен 14.00-де Airbus A321 резервтік бортымен Стамбулға ұшу жоспарлануда", - деп хабарлады Air Astana.