20 қаз, 2016 сағат 16:40

Б.Майлыбаев: «Оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстырайық

Астанада өтіп жатқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың xалықаралық форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды Ұлт порталы Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп тұр» ,- деді Бағлан Майлыбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай, Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.