Жамбыл облысындағы блокпосттардағы кезекшіліктегі полиция қызметкерлерінің денсаулығы күн сайын тексерілуде, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Үш дәрігер мен медбикеден тұратын дәрігерлер бригадасы полиция қызметкерлерінің жағдайын тексеріп, күн сайын барлық блокпосттарды аралайды. Блокпосттарда қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің денсаулық жағдайы Жамбыл облысы полиция департаментінің емханалық госпиталінің медициналық қызметкерлерінің күнделікті бақылауында» делінген ақпаратта.
Облыстық ПД госпиталінің бастығы Айгүл Мәселбекованың айтуынша, медициналық бригаданың міндеттеріне полиция қызметкерлерін тексеру, олардың денсаулығының жалпы жағдайын анықтау, дене температурасын бақылау, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан қорғау бойынша профилактикалық шаралар кіреді.
«Әр 12 сағат сайын кезекшіліктері ауысатын блокпосттардағы полицейлер біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгінгі күні біз тексерген барлық қызметкерлердің денсаулықтары ойдағыдай, олардан шағым түскен жоқ. Үнемі арнайы аралап тексеріп тұрудағы басты мақсатымыз – біздің тәртіп сақшыларын денсаулықтарын сақтау», - деді А.Мәселбекова.