04 нау, 2025 сағат 10:14

Блогер Елена Блиновская 5 жылға сотталды

Фото: kompromat1.online

Ресейде адамдарға «армандауды үйрететін» онлайн курс сатқан блогер Елена Блиновская 5 жылға сотталды. 43 жастағы блогер салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, блогерге 1 млн рубль айыппұл салып, төрт жыл коммерциялық қызметпен айналысуға шектеу қойды. Одан бөлек Блиновскаядан мемлекет пайдасына 587 млн рубль өндіріп алу туралы шешім қабылданған.

Жалпы Ресейде салықтан жалтарған бірнеше блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында блогер Валерия Чекалина мен оның күйеуі Артем Чекалин де бар.

Ал бизнес жаттықтырушы, танымал блогер Аяз Шабудтинов алаяқтықпен айналысты деп қамауға алынды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.