#
#
Сенбі 16/01/2021

БҚО-ның бір ауданында карантиндік шаралар күшейтілді

  • 13.01.2021
  • 0
  • 269

Бәйтерек ауданында 13 қаңтардан бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бәйтерек ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігері Аят Үмбетәлиевтің қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кем дегенде 50 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды.

Бірінші кезекте жасы 50-де және одан асқандар қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Спорт жарыстарын, көрме, форум, конференция, концерт, сондай-ақ отбасылық, еске алу және басқа көп адам қатысатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Мониторингтік топтар жұмысы ширатылады. Коронавирустық жұқпаның кең таралуына жол бермеу мақсатында сауда, қоғамдық тамақтандыру орындарында, базарларда, демалыс базаларында, қоғамдық көлікте санитарлық-дезинфекциялық режімнің сақталуын бақылау күшейтіледі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша Бәйтерек ауданында жыл басынан бері 61 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 184 баланың коронавирустан жазылғанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар