24 мам, 2022 сағат 17:15

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды


Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі, ол "Ж" ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде, 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.