02 қар, 2020 сағат 17:06

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2 айға қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, «Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталған басқарманың басшысы пара алу күдігімен ұсталғанын жазған болатынбыз. Оған сыбайласымен бірге 7,8 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.