
Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айында 50-ден астам бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері барлығы 178 баладан індет табылды.
Соның ішінде қыркүйекте – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда 53 баланың ауырғаны тіркелді. Оған қоса, балабақша тәрбиеленушісінің 12-сінен – қарашада, 2-інен желтоқсан айында ковид анықталды. Олардың барлығы коронавирусты отбасы мүшелерінен жұқтырған.
Облыста індетке шалдыққандардың жалпы саны 8907-ге жетсе, соның 7806-сы жазылып шықты. 160 адам көз жұмды.
Соңғы тәулікте - 40, бір аптада 262 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.
Қазіргі таңда пневмониямен сырқаттанған 116 адам стационарда жатса, 42-сі амбулаторлық ем алуда. Бұл дерттен 239 адам қайтты.
Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына - 3, жасанды тыныс алу аппаратына - 1, оттегі концентраторына - 4, орталықтандырылған оттегі көзіне 22 адам қосылған.
Жұқпалы аурулар ауруханаларында – 137, карантиндік стационарда 29 адам емделуде. 13 адам жансақтау бөлімінде жатыр.
