23 мам, 2024 сағат 11:47

БҚО-да терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды


Фото: ҚР ҰҚК


Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 


Ол терроризмді насихаттады деп күдіктелуде.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.