Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, коронавирус Орал қаласындағы мектептердің бірінде кезекші топта білім алатын 2-сынып оқушысынан анықталды.
Эпидемиологиялық тексеру барысында оқушының індетті үйден, атасынан жұқтырғаны белгілі болды. Науқаста ауру еш симптомсыз өтуде.
Оқушының 14 сыныптасы мен екі мұғалімнен сынама алынды. Тест қорытындысы олардың бәрінде де коронавирустың жоқтығын көрсетті.
Мектепте дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, кезекші сынып карантинге жабылды.