30 там, 2020 сағат 17:12

БҚО-да қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүретін болды

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүретін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің биылғы 16 тамыздағы «Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Жаңа қаулыға сәйкес 31 тамыздан бастап қалааралық, облысішілік автобустардың, шағын автобустардың қозғалысына да рұқсат берілді. 

Сондай-ақ санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

- бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 шаршы метр су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;

- жаттығу залдары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, алдын ала жазылу арқылы) жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін; 

- спорт кешендері (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін жеке және топтық жаттығулар үшін) жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін;

- мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50 пайыздан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу) жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу) жұмыс істейтін болады. 

Ал ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелерін індетке қарсы күрес шараларын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, демалыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін өткізуге болады.

Дегенмен сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердің, жағажайлардың, барлық ойын-сауық нысандарының (ашық ауадағы аттракциондарды қоспағанда), кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің, кейтерингтік қызметтер көрсетудің және мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда) қызметі бұрынғыша тоқтатыла тұрады. 

Оған қоса сауда үйлері мен орталықтары (бутиктер, павильондар), сауда желілері (ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда), жабық азық-түліктік емес және азық-түлік базарлары, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар), фитнес орталықтары, моншалар, сауналар, ашық ауадағы аттракциондар, діни нысандар, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс істемейді.