Батыс Қазақстан облысының полицейлері 15 қыркүйек күні түстен кейін денесі табылған жас әйелдің өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашу үшін бір тәуліктен аз уақыт қажет болғанын хабарлады.
"16 қыркүйекте адам өлтіруге қатысы бар 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің басқа мәліметтері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша жария етілмейді", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.