#
#
Сейсенбі 24/11/2020

БҚО-да қараша айында 80-ге жуық нысан санитарлық талапты бұзған

  • 20.11.2020
  • 0
  • 107

Батыс Қазақстан облысында мониторинг топтары қараша айында 78 нысанның санитарлық талапты бұзғанын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, осы мерзімде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 123 хаттама толтырылды.

Соның ішінде көп адамның қатысуымен өткен 49 іс-шара тіркелді. Сондай-ақ бетперделік режимді сақтамаудың 37, түнгі сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 25, жұмыс режимін бұзудың 11 және қызметкерлерге термометрия жүргізбеудің 1 дерегі белгілі болды. Осы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 7 млн астам теңге айыппұл салынды. 

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, 1-19 қараша аралығында облыста 619 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Осының 430-ы немесе 69,4 пайызы Орал қаласында анықталды. Сондай-ақ Бәйтерек (85 адам), Бөрлі (36), Теректі (18), Шыңғырлау (15) аудандарында індет көбейіп кетіп отыр. 

Қарашада мемлекеттік шекарадан 15463 адам өтсе, соның 2790-ы – жолаушылар. Анықтамасыз өткен 283 жолаушының жетеуінен індет табылды. Сол секілді жүк тасымалдайтын 5402 жүргізушінің 2176-сында анықтама болмаған. Соның 20-сы коронавирус жұқтырған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР