#
#
Сейсенбі 27/10/2020

БҚО-да ірі көлемде қаржы мен автокөлік бопсалағандар ұсталды

  • 22.09.2020
  • 0
  • 144

Батыс Қазақстан облысында ірі көлемде қаржы мен автокөлік бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, үш оқиға да Орал қаласында болған. 

Әбілқайыр хан көшесі бойында «Жигули» аялдамасы маңында 1989 жылғы тұрғын 34 жастағы азаматқа пышаққа ұқсас затпен күш көрсетіп, дене жарақатын салған. Сосын 1,750 млн теңге көлемінде қаржы бопсалаған. 

Сондай-ақ 1992 жылғы екі тұрғын Еуразия даңғылы бойындағы «SINOIl» жанар-жағармай стансасы тұсында қалада тұратын 26 жастағы азаматқа күш көрсетіп, оның автокөлігін бопсалап, тартып алған.

Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы бұл екі оқиға бойынша ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігіне (бопсалау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

Сол секілді 1992 жылғы тағы екі ер адам «SINOIl» жанында Бәйтерек ауданының 23 жастағы тұрғынын бопсалап, оның да автокөлігін тартып алған.

Бұл дерек бойынша да ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар