29 мау, 2021 сағат 13:02

БҚО-да инфекциялық стационарда жатқандар саны 500-ден асты


Батыс Қазақстан облысында 18 инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 501 науқас емделуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, соның ішінде Орал қаласындағы 5 ауруханада 422 адам ем қабылдауда.

Жансақтау бөлімінде жатқандар саны 37-ге жетті.

Соңғы тәулікте 63 адамнан індет табылса, 84 науқас жазылып шықты.

Бір аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 25,3 пайызға (161) өсіп кетті.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде 15515 адам сырқаттанса, соның 55 пайызы (8531) Орал қаласында, 14 пайызы (2234) Бәйтерек, 11 пайызы (1759) Бөрлі ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері облыс 24736 коронавирус жұқтырып, соның 19988-і емделіп шықты. 379-ы көз жұмды.