Фото: ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысында «Imrat Group» атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, олар өздерін Канада, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген жалған халықаралық инвестициялық компанияның өкілі ретінде көрсеткен.
Осылайша азаматтарға күнделікті 0,5%-дан 1,5%-ға дейін «жоғары табыс» уәде еткен. Қатысушылар криптовалюта әмиянына 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаражат аударуы қажет болған.
Пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 млн теңгеден асады.
Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.
