Батыс Қазақстан облысында газ ауа қоспасы жарылып, екі адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 желтоқсан күні сағат 20.15-те Казталов ауданы Талдықұдық ауылында болды.
Жеке үйге «КАЗГИД» ЖШС газ шаруашылығы қызметкерлері газ пешін орнатып жатқан кезде жарылыс болды.
Соның салдарынан қосымша құрылыстың төбесі қирап, терезе әйнектері быт-шыт болды.
Газ ауа қоспасының жарылуынан Орал қаласында тұратын 29 жастағы қызметкер - 25 пайыз, 28 жастағы жігіт 15 пайыз күйік жарақатын алды. Олардың екеуі де жедел жәрдем көлігімен Жалпақтал ауылындағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.